
ЖЕМІСТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Жемісті ауылдық округінде аудан әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы және Сарыағаш аудандық мәслихаты төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ибрагимов Шермат Бегматұлы тұрғындармен ашық форматта кездесу өткізді.
Жиын барысында жергілікті атқарушы органдар мен мәслихаттың өткен бір жылдағы қызметінің қорытындылары таныстырылып, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі бағыттар айтылды.
Кездесуге қатысқан тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, нақты ұсыныстарын білдірді. Тиісті салаларға қатысты сауалдар бойынша жауапты бөлім және мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.
Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары Е. Тешебаев және А. Жүсіпбаев қатысып, көтерілген мәселелер депутаттық бақылауда болатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1159603?lang=kk

Жауап қалдыру