
«Отандастар қоры» КЕАҚ шетелде тұратын барша отандастарымызды және этникалық қазақтарды онлайн форматтағы тегін домбыра үйірмесіне қатысуға шақырады.
Үйірме ерекшеліктері:
- Zoom платформасы арқылы интерактивті сабақтар;
- Ұзақтығы 3 айлық қарқынды модуль (Бастауыш және Озық топтар);
- Кәсіби ұстаздан тікелей тәлім алу;
- Үйірмені сәтті аяқтаған қатысушыларға арнайы сертификат беріледі.
⚠️ Маңызды талап: Әрбір қатысушының жеке домбыра аспабы болуы міндетті.
📅 Оқу процесі: Тіркелген қатысушылар деңгейлеріне қарай топтарға бөлініп, сабақтар 2026 жылғы наурыз айынан басталады. Нақты сабақ кестесі қатысушыларға қосымша хабарланады.
Орын саны шектеулі. Қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы өтіп, сауалнаманы толтыру қажет: 👉
Толық ақпарат алу үшін: 📞 WhatsApp: +7 700 671 90 33 (Марал) +7 705 664 72 11 (Жандос)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1159696?lang=kk

Жауап қалдыру