
Нысан Наурызбай ауданы, Шұғыла шағынауданындағы Жеңіс көшесінде орналасқан. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасының мамандары айтты.
Жоспардан тыс тексеріс барысында рұқсатсыз, шаруашылық тәсілмен көлік жуу нысаны мен тұрғын емес үй-жай салынғаны анықталды. Нысан иесіне қатысты әкімшілік шара қолданылып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Содан кейін басқарма заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап-арызбен Наурызбай аудандық сотына жүгінді. 2022 жылы 7 желтоқсанда сот талап-арызды толық көлемде қанағаттандырды. 2023 жылы 16 ақпанда атқарушылық парақ Әділет департаментіне жолданды.
Нысанды бұзу жұмыстары сот орындаушыларының қатысуымен бірер күн бұрын басталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1159692?lang=kk

Жауап қалдыру