Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті Конкурстық құжаттамаға сәйкес «Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар» басым бағыты бойынша 2026-2028 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға конкурс жариялайды.
Конкурстық құжаттама және өтінімді ресімдеу бойынша түсіндіруді жүзеге асыратын жауапты тұлғалар – Смаилова Гулжан Серикбаевна, телефон: 51-05-20, Байманова Ажар Булатқызы, телефон: 57-05-24. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: +7 727 2221102 (ішкі. 208, 209, 212, 220, 222, 224, 227, 232, 240, 241, 242). Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Конкурстық өтінімдер Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне бағдарлама басшысының және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы мына сілтеме бойынша беріледі: www.is.ncste.kz.
«ҚБП» және «Құпия» деген белгісі бар өтінімдер Аэроғарыш комитетіне «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып және «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 Қаулысының талаптарына сәйкес арнайы пошта арқылы таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтау шарттарында екі данада беріледі.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2026 жылғы 12 ақпанынан бастап.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 12 наурыз (қоса алғанда).
2026-2028 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттама.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazcosmos/press/news/details/1160032?lang=kk

Жауап қалдыру