«Балдәурен» жазғы лагеріне қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» бірлестігі (бұдан әрі – Қауымдастық) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен ортақтаса шетелдегі қазақ диаспорасының балаларына қолдау көрсету мақсатында жазғы демалысқа арналған 288 (144  ұл,  144 қыз) орын бөлінгенін хабарлайды.

Аталған 288 орынның 5-і Иранда тұратын қазақ диаспорасының балаларына бөлінген. 

Жазғы демалыс лагері 2026 жылғы 07-21 шілде аралығында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында (Ақмола облысы, Бурабай ауданы) өтеді және оның аясында «Атамекен» Халықаралық балалар құрылтайы ұйымдастырылады.

 Осы демалыс лагеріне келуге тілек білдірген балалардың тізімі көрсетілген ұсыныс 2026 жылғы 15 мамырға дейін «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығына» жолдануы қажет.

Бұл шараға қатысудың басты шарттары:

– бұған дейін «Балдәурен» орталығында болмауы;

– 10-15 жас арасындағы оқу озаты (5-9 сынып оқушысы);

– тұратын мемлекет тілінде өнер көрсете алатын дарынды бала болуы (ән салу, аспапта ойнау, би билеу т.б.).

Келуге ниетті балалардың деректері төмендегі нұсқа бойынша толтырылуы және жолдануы қажет.         

Аты-жөні

Жасы (оқитын сыныбы)

Оқушының үлгеремінің балы

Ата-анасының аты-жөні, байланыс нөмірі, эл.поштасы

Қосымша ақпарат

1.

 

 

 

 

 

 

Балалар тізімі белгілі болған соң, Қауымдастық өкілдері лагерь жолдамасын диаспора балаларының қолына ресми түрде табыстау үшін Иран аумағына сапармен келіп кету жағын қарастыратын болады. 

Қорытынды тізім бөлінген квотаға сәйкес Қауымдастық тарапынан бекітіліп, нәтижесі және келіп-кету, жүріп-тұру жайлары қосымша хабарланатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1160159?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді