
Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Әлібековтің тапсырмасына сәйкес, қала аумағында интернет желілеріне тартылған кабельдердің заңдылығын анықтау мақсатында зерделеу және аралау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында байланыс операторларының инженерлік инфрақұрылым нысандарын орналастыруы, кабель желілерін тарту тәртібі және олардың қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкестігі тексерілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңы мен Түркістан қаласының бас жоспары негізге алынды.
Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша тиісті байланыс операторларына заң талаптарына сәйкес реттеу жұмыстарын жүргізу, құжаттарын сәйкестендіру және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Аталған жұмыстар қаланың инженерлік инфрақұрылымын заң талаптарына сәйкес жүйелеу, ретсіз тартылған кабельдерді тәртіпке келтіру және Түркістан қаласының сәулеттік келбетін сақтау мақсатында жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1160388?lang=kk

Жауап қалдыру