
БҰҰ Волонтерлер бағдарламасы жанындағы Халықаралық волонтерлер жылының хатшылығы Тұрақты даму мақсаттарына арналған Халықаралық волонтерлер жылы (IVY 2026) аясында ұлттық үйлестірушілерге арналған вебинар ұйымдастырды. Іс-шараға Қазақстан, Бельгия, Қытай, Ирландия, Испания, Таиланд және басқа да елдердің өкілдері қатысты. Жиында Қазақстан атынан Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің өкілі сөз сөйледі.
Кездесу барысында қазақстандық тарап Халықаралық волонтерлер жылына дайындық бойынша ұлттық тәжірибені таныстырды. Атап айтқанда, Ұлттық ұйымдастыру комитетін құру, Ұлттық тұжырымдама мен Іс-шаралар жоспарын бекіту, сондай-ақ Волонтерлер форумын өткізу мәселелері баяндалды. Волонтерлікті дамытудың жүйелі тәсілі және оның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі үлесі атап өтілді.
IVY 2026 хатшылығы Қазақстандағы конституциялық реформалардың маңызын да жоғары бағалап, волонтерліктің рөлін Конституция жобасында бекіту осы бағытқа көрсетілетін институционалдық қолдаудың жоғары деңгейін айқындайтынын сөз етті. Вебинар аясында қатысушылар биылғы Халықаралық волонтерлер жылы бастамаларын іске асыру бойынша тәжірибемен алмасты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1160402?lang=kk

Жауап қалдыру