
Халықаралық театр күні – бұл театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның төл мерекесі.
Театр – халықтың рухани қазынасы, ұлт байлығы. Тарихты да, махаббатты да, қуаныш пен қайғыны да көрермен қауымына қауыштыратын сиқырлы армандар әлемі.
Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театры мен Ақмола облыстық орыс драма театрының ұжымдарын төл мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар табыстады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/964582?lang=kk

Жауап қалдыру