Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімін қолдану мәселелері бойынша брифинг өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         

           2026 жылғы 12 ақпанда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ-де сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен бейнеконференцбайланыс форматында брифинг өткізілді.

            Брифинг барысында ҚР ҚМ МКК МДҚ МТҚБ шығарғаннан кейін құжаттар мен мәліметтерге тексеру жүргізу бөлімінің бас маманы – Естайұлы Ғ.  Кеден одағы комиссиясының «тауарларға арналған декларацияның нысаны және оны толтыру тәртібі туралы» 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімін іс жүзінде қолдану мәселелері қаралды, ол тауарларға арналған декларацияны ресімдеуге қойылатын талаптарды және мәлімделетін мәліметтердің құрылымын регламенттейді.

          Декларация графаларын дұрыс толтыруға, атап айтқанда, тауардың кодын Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына (СЭҚ ТН ЕАЭО) сәйкес көрсетуге, кедендік құны, тауардың шығу елі туралы мәліметтерді дұрыс енгізуге, сондай-ақ электрондық декларациялау талаптарын сақтауға ерекше назар аударылды.

         Сонымен қатар, кедендік декларациялау барысында жиі жіберілетін қателіктер туралы ақпарат беріліп, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатында олардың алдын алу шаралары түсіндірілді.

        Қатысушылар талқыланған тақырыптың өзектілігін атап өтіп, кеден заңнамасын біркелкі қолдануды және құқықтық сауаттылықты арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған осындай іс-шараларды жүйелі түрде өткізу қажеттігін айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-gdu/press/news/details/1160560?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді