«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мен Криминалдық полицияның жедел уәкілдері қала аумағында орналасқан мал шаруашылығы иелерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мал ұрлығының алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және меншікке қарсы қылмыстардың жолын кесу.

Кездесу барысында шаруашылық иелеріне малды қараусыз қалдырмау, малды міндетті түрде сырғалау және таңбалау, жайылым аумақтарын бақылауда ұстау, қора-жайларды қауіпсіздік талаптарына сай нығайту, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерін орнату қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар мал ұрлығы үшін заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары туралы ақпарат берілді.

Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағылық танытуға, күмәнді тұлғалар мен көлік құралдарына назар аударуға және құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырды.

Аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

https://www.instagram.com/reel/DUp05GoDD7b/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1160709?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді