ҚР Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер: ЖТС және әлеуметтік салық бойынша маңызды ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО бойынша МКД 2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша маңызды өзгерістер күшіне енетіні туралы хабарлайды.

ЖТС: прогрессивті мөлшерлеме енгізіледі

Енді мөлшерлеме табыс деңгейіне байланысты болады:

8 500 АЕК-ке дейінгі табыс – 10%

8 500 АЕК-тен жоғары – 15% (тек асқан бөлігіне)

Табыс жоғары болған сайын салық мөлшері де артады. Бұл салық салудың әділ жүйесіне көшу қадамы.

Жеке тұлғаларға арналған салықтық шегерімдер

Жеке тұлғалар төмендегі шегерімдерді қолдана алады:

Әлеуметтік төлемдер бойынша шегерімдер (МЗЖ, МӘМС жарналары, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша әлеуметтік аударымдар)

Негізгі шегерім – айына 30 АЕК, бірақ жылына 360 АЕК-тен аспайды.

Әлеуметтік санаттарға арналған қосымша шегерімдер:

* мүгедектігі бар адамдар

* мүгедек балалары бар ата-аналар мен қамқоршылар

* ҰОС және жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері

* асырап алушылар, қабылдаушы ата-аналар және т.б.

Негізгі шегерім тек бір салық агенті арқылы және қызметкердің өтініші негізінде қолданылады.

Әлеуметтік салық: жаңа тәсілдер

Салық салу объектісі – жұмыс берушінің қызметкерлер табысы бойынша шығыстары

Объектіден МЗЖ, МӘМС жарналары және Салық кодексінде көзделген кейбір табыстар алынып тасталады.

Әлеуметтік салық мөлшерлемелері:

 6% – жалпы мөлшерлеме (әлеуметтік аударымдарға байланыссыз)

1,8% – ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өз өнімін қайта өңдеу үшін

ЖК және жеке практикамен айналысатын тұлғалар:

* Өзі үшін – 2 АЕК

* Әр қызметкер үшін – 1 АЕК

Шаруа қожалықтары:

* Өзі үшін – 0,6 АЕК

* Әр қызметкер үшін – 0,3 АЕК

Өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Табыс пен салық жүктемесін жоспарлау кезінде осы нормаларды ескеру маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-vavilon/press/news/details/1160773?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді