
Астанадағы Keruen кинотеатрында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара спикері – Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы бөлім прокуроры Гүлден Ахметжанова кездесу барысында кинотеатрларда Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, жас шектеулерін қатаң сақтау, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар, келушілердің жасына қатысты күмән туындаған жағдайда жеке басын куәландыратын құжаттарды міндетті түрде тексеру, түнгі уақытта балалардың заңсыз кинотеатрға кіргізілуіне жол бермеу және алкогольдік немесе мас азаматтарды қоғамдық орындарға кіргізуге тыйым салу талаптары атап өтілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың заңды мүдделерін қорғау және қоғамдық орындарда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту.
«Құқық бұзушылықтардың алдын алу – баршамызға ортақ жауапкершілік. Кинотеатр қызметкерлерінің заң талаптарын қатаң сақтауы келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ең алдымен кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғауға тікелей ықпал етеді. Заң мен тәртіп талаптары мүлтіксіз орындалған жағдайда ғана қоғамдық орындар қауіпсіз ортаға айналады», – деді Гүлден Ахметжанова.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1161384?lang=kk

Жауап қалдыру