
2025 жылғы 27 наурызда облыстық білім басқармасының Ақпараттық технологиялар орталығы 6–9 сынып оқушылары арасында бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада өткізді. Бұл олимпиада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, олардың ақпараттық мәдениетін дамыту, сондай-ақ есептеу ғылымдары, компьютерлік бағдарламалау және ақпараттық технологиялар саласындағы ең дарынды оқушыларды анықтау.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды: I қашықтықтан іріктеу кезеңіне 140 оқушы қатысса, II қорытынды кезең Павлодар қаласындағы С. Торайғыров атындағы мектепте өтті, онда облыстың 111 оқушысы бақ сынады.
Қызықты интеллектуалдық сайыс нәтижесінде Успен ауданы Ш. Айманов атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Болатжанов Алан жеңімпаз атанды. Ол жетекшісі Найманов Валерий Аспандяровичтің басшылығымен жоғары нәтиже көрсетті.
Құттықтаймыз! 💐
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/964765?lang=kk

Жауап қалдыру