Объявление

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18 ақпанда сағат 11:00-де Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жітіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді.

Күн тәртібі:

  1. Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 348 “Жітіқара ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы” шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  2. Жітіқара аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 158 “Жітіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Мәслихаттың 2012 жылғы 5 қарашадағы № 75 “Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны сақтау мәніне әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттауды) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы” шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  4. Мәслихаттың 2018 жылғы 05 наурыздағы № 191 “Жітіқара ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық – құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультативтік – кеңесші органның дербес құрамын, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру туралы” шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  5. Мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 365 “Жітіқара ауданының 2026 жылға арналған жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы” шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  6. Жітіқара ауданы әкімдігінің жанындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік штабтың дербес құрамын бекіту туралы.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1161652?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді