
Арасан ауылдық округіндегі ветеринариялық пунктінің 2025 жылы атқарылған шаралардың есебі және ветеринария саласындағы заңнамаларды халыққа түсіндіру бойынша өткізілетін жиынға баяндама
Арасан ауылдық округіндегі втеринариялық пунктінің 2025 жылы атқарылған шараларды баяндасақ, 2025жылы 7900 бас МІҚ, 48 400 бас ҰММ, 4 700 бас жылқы малымен жұмыс атқарылды. 5600 бас МІҚ, 29 500 бас ҰММ бруцеллез аурына қан алынып, 1 бас МІҚ бруцеллезге оң нәтиже көрсетіп, Талдықорған қаласындағы етті қайта өңдеу цехына өткізілді. 2700 бас МІҚ, 18 900 бас ҰММ, 800 бас жылқы бірдейлендіруден өтті. 548 дана ветеринариялық анықтама рәсімделіп, 1 111 бас МІҚ, 396 бас жылқы, 10 136 бас ҰММ бас шығысталды. 33 бас ит, 19 бас мысық ауланды. Құжатсыз ауыл аумағына МІҚ малын алып келген шаруа қожалық иесіне және ветеринариялық құжатсыз ауылдан тыс жерге мал тасымалдағаны үшін тағы бір шаруа қожалық иесіне айыппұл салынды. 2 адамды иесі бар ит қапқаны туралы хабарлама келіп түсті, хабарлама негізінде қапқан ит 10 күн бақылауға қойылып, тиісті мекемеге анықтама берілді. Жоспар бекіту үшін, ауылшаруашылығы жануарларына санақ жұмыстары жүргізілуде. Былтырғы жылымыз осындай нәтижелермен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-arasan/press/news/details/1161762?lang=kk

Жауап қалдыру