
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтің Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуі 2026 жылдың 27 ақпанында, сағат 10.40-та аудандық Мәдениет үйінде (Мырзакент кенті, С.Қожанов көшесі, №17) өтеді. Ал облыс әкімінің жеке қабылдауы сағат 12.00-де аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның ғимаратында (Мырзакент кенті, С.Жаштаев, №81) өтетінін хабарлаймыз.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 26 ақпанға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат: 13.00 – 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекенжайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.
📍 Өтетін орны: Мәдениет үйі, Мырзакент кенті, С.Қожанов көшесі, №17
📅 Күні: 27 ақпан
⏰ Уақыты: 10.40
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1161883?lang=kk

Жауап қалдыру