Қазақстан халықаралық аренадағы бейбіт ел ретіндегі рөлін нығайтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа Конституция жобасының преамбуласында Қазақстанның бейбітшілікке және басқа елдермен достыққа ұмтылу қағидатын бекіту көзделген. Бұл қағида еліміздің сыртқы саясатында қандай көрініс табады? ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбайдың айтуынша, мұндай жаңашылдық біздің елді үлкен жетістігі болады.

«Бұрынғы Ата заңымызда айтылғанымен ,нақты көрсетілуі ерекше мазмұн берп тұр. Қазақстан – өз тарихында бейбітшілікті ұстануын көрсетіп келе жатқан мемлекет. Оның алғашқысы – ядролық қарусыздандыруға байланысты қадамдар. Сирия жағдайы бойынша мемлекеттерді бір-бірімен татуластыру бейбіт диалогтары орнату қадамдары мемлекетіміздің ұстанымын іс жүзінде айқындап келе жатыр. Сондықтан Ата заң преамбуласының осы сөздерден басталуы – нақты жетістік»,-деді депутат. 

«Мемлекетіміз – орташа күш державаларының бірі. Сонымен қатар Мемлекет басшысының дипломатия өкілі екенін білеміз. Осы екі ортада біздің елдің көптеген мемлекетпен өзара қарым-қатынасын, көрші елдермен татуластығын орнатып отыр. Болашақта Конституцияның жаңа жобасы қабылданған жағдайда Қазақстан өзінің бейбітсүйгіштік, татуластыруға, бітімгерлікке шақыратын ел ретіндегі рөлін нығайта түседі. Преамбуладағы құндылықтар мемлекеттің халықаралық құқықтағы тұғырнамасын бекітетін құқықтық принциптер болып табылады. Сондықтан да бұл қағидалар келешекте біздің мемлекеттің халықаралық қарым-қатынастар саясатын анықтап, бүкіл әлемде Қазақстанның даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешетінін көрсетеді», – деп қосты Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Жамаладен Ибрагимов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1161956?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді