ШҚО ПД басты назарында – қоғамдық тәртіп пен балалардың қауіпсіздігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО ПД басты назарында – қоғамдық тәртіп пен балалардың қауіпсіздігі

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті плацында ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рифхат Тауфиковтың жетекшілігімен жеке құрамның кезекті гарнизондық саптық жиыны өтті.

Бастықтың орынбасары атап өткендей, 2026 жыл «Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі» ұранымен өтуде. Осыған байланысты кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде және ойын-сауық орындарында жүру фактілерін анықтауға ерекше назар аудару тапсырылды.

Сонымен қатар, облыс аумағында қазіргі уақытта «Қоғамдық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары күшейтілді.

Жеке құрам алдында сөз сөйлеген полиция полковнигі Р. Тауфиков:

«Азаматтармен қарым-қатынаста барынша қырағы әрі сыпайы болыңыздар, әрбір құқық бұзушылыққа дер кезінде әрекет етіңіздер, заңдылық пен жеке қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаңыздар», — деп атап өтті.

Гарнизондық саптық жиын соңында басшылық бөлімшелердің басты міндеті — өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті сақтау екенін баса айтты.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1162130?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді