Құрметті аудан тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 15–22 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
 
✅ Іс-шараның негізгі мақсаттары:
• тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған жол бермеу;
• тұрмыстық жанжалқойларды, қолайсыз отбасыларды анықтау және профилактикалық есепке алу;
• ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық жұмыстар жүргізу.
 
📌 Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз немесе зардап шексеңіз, «102» арнасына немесе жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласуыңызды өтінеміз.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1162176?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді