Бүгін Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс XXXIII сессиясы өтті. Сессия жұмысына мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров төрағалық етіп, күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырды.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев және аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай қатысты.
Сессия барысында қаралған мәселелер бойынша төмендегідей шешімдер қабылданды:
2023 жылғы 27 желтоқсандағы №9/52-VIII «Төлеби аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.
2024 жылғы 28 наурыздағы №11/64-VIII «Төлеби ауданында бөлшек салықтық арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды.
Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім қабылданды.
2025 жылғы 4 маусымдағы №26/151-VIII «Аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.
2025 жылғы 19 наурыздағы №23/128-VIII «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.
2025 жылғы 24 қыркүйектегі Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізілді.
2025 жылғы 19 наурыздағы №23/131-VIII «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.
2025 жылғы 19 наурыздағы №23/130-VIII «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.
Ленгір қаласының №2 және №3 мөлтек аудандарының орталық көшесіне атау беру туралы мәселесі қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер алдын ала біріккен тұрақты комиссиялардың отырысында жан-жақты талқыланып, пысықталған. Нәтижесінде депутаттар ұсыныстарды бірауыздан қолдап, тиісті шешімдерді қабылдады.
Жауап қалдыру