АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿Аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
 
✅ Қабылдау барысында тұрғын үй алу, қызметтік пәтер бөлу, пәтерді жекешелендіру, сондай-ақ тұрғын үй кезегін қайта қалпына келтіру мәселелері бойынша өтініштер мен ұсыныстар айтылды. Әрбір тұрғынның мәселесі мұқият тыңдалып, заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 
✅ Көтерілген сұрақтардың бірқатары бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар беріліп, тиісті заң аясында қарастыру және шешу жолдары айқындалды. Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер бақылауға алынып, нәтижесі бойынша азаматтарға жауап жолданады.
 
📍Аудан әкімдігі тұрғындардың мәселелерін уақтылы шешу, әлеуметтік қолдау көрсету және тұрғын үйге қатысты сұрақтарды жүйелі түрде қарастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1162266?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді