Төлеби ауданында нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі аудандық ведомствоаралық штабтың 2026 жылдың І тоқсанына арналған отырысы өтті.
Отырыста аудан аумағында есірткіге қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу, нашақорлықтың таралуына жол бермеу, әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселелері қаралды.
Күн тәртібінде:
2025 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындылары;
білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары;
ақпараттық-түсіндіру және медиа жұмыстардың тиімділігі;
алдағы кезеңге арналған міндеттер мен ұсыныстар талқыланды.
Жиын барысында жауапты мекемелерге нашақорлықтың алдын алу бағытындағы кешенді профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту және қоғаммен тығыз байланыс орнату бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жауап қалдыру