ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Мәскеу Патриархатының СШББ басшысы Антониймен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде Елші Дәурен Абаевтың Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің төрағасы Волоколамск митрополиті Антониймен кездесуі өтті.

Тараптар Қазақстандағы Орыс православие шіркеуі қызметінің мәселелерін талқылады.

Елші Республикада бейбітшілікті, татулықты, қазақстандық қоғамдағы дінаралық келісімді, сондай-ақ елдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуда үлкен рөл атқаратын Орыс православие шіркеумен қалыптасқан өзара байланыстың жоғары деңгейі бағаланатынын атап өтті.

Д.Абаев Орыс православие шіркеудің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне тұрақты қолдау көрсеткені, Патриарх Кирилл бастаған өкілді делегацияның Астанада өткен қыркүйек форумына қатысқаны үшін ризашылығын білдіріп, қонаққа Съездің Ізгі ниет елшісінің төсбелгісі мен куәлігін табыс етті.

Өз кезегінде, митрополит Антоний құрметті мәртебе үшін алғысын білдіріп, Съездің әлемдегі дінаралық келісімді дамытуда ерекше алаң ретіндегі маңыздылығын атап өтті және оның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруда белсенді жұмыс жасайтынын айтты. Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы табысты байланыстарды нығайтуға дайындығын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар дінаралық диалог пен тату көршілік қағидаттарын қолдау және бекіту үшін одан әрі сындарлы ынтымақтастық туралы баса айтты. Дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды сақтау және дінаралық келісімді нығайту мақсатында қоғамның рухани дамуы үшін жергілікті билік органдары мен епархиялар арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-moscow/press/news/details/1162701?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді