Мамлют аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерімен адам құқықтары және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі мәселелеріне арналған кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мамлют аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерімен адам құқықтары және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі мәселелеріне арналған кездесу өтті. Талқылаудың негізгі өзегі – адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттар, ұлттық заңнама және оларды іс жүзінде іске асыру тетіктері болды.
Омбудсменнің өкілеттіктеріне, оның ішінде мандатындағы мекемелерге бару құқығына, адам құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізуге, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға және азаматтардың өтініштерін қарауға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ осы құралдардың құқық бұзушылықтардың алдын алу мен құқықтық кепілдіктерді нығайтудағы маңызы жеке қарастырылды.
Ұлттық превентивтік тетік адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы сигналдарға жедел ден қою мақсатында тәуелсіз сарапшылардың мандаттағы мекемелерге тұрақты түрде мониторинг жүргізу жүйесі болып табылатынын атап өттім. Азаптаулар үшін жауапкершілікті күшейту бөлігінде ұлттық заңнаманы халықаралық нормаларға сәйкестендіру бағытында елеулі жұмыс атқарылғаны айтылды.
Мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті арттыруға және адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1162888?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді