2026 жылдың 9 ақпан күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рахымбердиев Еркен Мақсұтұлы Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты “№47 жалпы білім беретін мектебі” КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізіп, мекеме қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында тексерудің қорытындысы бойынша еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Еркен Мақсұтұлы мектеп қызметкерлеріне жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының маңыздылығына, жалақы қарыздары, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарына қатысты заңдылықтардың сақталуы, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау, кәсіби тәуекелдерді бағалау мәселелеріне кеңінен тоқталып, түсіндірме беріп өтті.
Жауап қалдыру