Жоба
«Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің
2026-2028 жылдарға арналған
бюджетін бекіту туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
2025 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 37/555 шешіміне өзгерістер
мен толықтыру енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 37/555 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін»:
1) кірістер – 592 067 мың теңге:
салықтық түсімдер – 218 351 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 966 мың теңге;
арнаулы тусімдер – 0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 371 750 мың теңге;
- шығындар – 593 605,2 мың теңге;
- таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 1 538,2 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – – 1 538,2 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 538,2 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 538,2 мың теңге.»;
- тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«1-1. 2026 жылға арналған Явленка ауылдық округінің бюджетінде 4 қосымшаға сәйкес қаржы жылының басында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен шығындар қарастырылсын».;
3-1 тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«3-1. 2026 жылға арналған бюджетте аудандық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің түсімі көзделсін, оның ішінде:
ауылды абаттандыруға».
Аудандық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің «Есіл ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.
аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған шешім осы шешімінің 2 қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.
- 2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының төрағасы |
|
Е.Тұтқышев |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-esil-yavlenka/press/news/details/1163247?lang=kk

Жауап қалдыру