Қызылбалық ауылдық округі Көпбірлік ауылында ауыл тұрғындарына өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жиыны өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        Жиын барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері, өрттің алдын алу шаралары, тұрмыстағы қауіпсіздік талаптары және өрттің туындауына жол бермеу жолдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жылыту маусымында пештерді дұрыс пайдалану, электр желілерін қадағалау және балалардың отпен ойнауына жол бермеу мәселелері айтылды.

        Мамандар төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет ету алгоритмін түсіндіріп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

       Осындай алдын алу шаралары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-kyzylbalyk/press/news/details/1163301?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді