Жер қойнауының сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Батыс Қазақстан кіші комиссиясының отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында 2006 жылғы 20 ақпандағы №6/2006 Келісімшартқа берілген Құзыретті органының 2025 жылғы 22 тамыздағы №1-3/1432 шешімі негізінде «ҚР Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы Мұғалжар-2 кен орнының 1-учаскесінде 2025 жылы орындалған диабаз (құрылыс тасы) қорларын есептеу бойынша геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есепті» қарау бойынша Жер қойнауының сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Батыс Қазақстан кіші комиссиясының отырысы өтті.

Келісімшарттық нысандағы геологиялық барлау жұмыстарын жер қойнауын пайдаланушы — «Көктас» АҚ өз бетінше орындады. Қарастырылып отырған есеп жер қойнауын пайдаланушы — «Көктас» АҚ берген Техникалық тапсырмаға және 2006 жылғы 20 ақпандағы №6/2006 Келісімшартқа Ақтөбе облысының Құзыретті органы берген 2025 жылғы 22 тамыздағы №1-3/1432 Шешіміне сәйкес «Pegas oil company» ЖШС тарапынан орындалды.

Әкімшілік жағынан кен орнының ауданы Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданына жатады және Мұғалжар т.-дан оңтүстік-шығысқа қарай 9,0 км жерде орналасқан.

1-учаске Мұғалжар-2 кен орнының солтүстік-батыс шекарасына іргелес.

Геологиялық барлау жұмыстары жер бетінен +390 м абсолюттік белгіге дейінгі тереңдікке 0,2756 шаршы км алаңда 1-учаскені геологиялық бөлу шегінде орындалды. 1-учаске солтүстік-батыстан Мұғалжар-2 құрылыс тас кен орнына тікелей іргелес («Көктас» АҚ Тау-кен бөлімі).

  1-учаскенің геологиялық құрылысына пайдалы қалыңдығы 35,0 м-ден 54,6 м-ге дейін (экстраполяция аймағында) ашылған қуаты бар диабазалармен ұсынылған силур жасындағы эффузивті түзілімдер қатысады. 3, 4, 2008ж.), орта есеппен 41,4м.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-wkn/press/news/details/1163435?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді