БҚО-да заңсыз қоқыс орындарының 85 пайызы жойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысы Экология департаментінің басшысы Мұрат Шыманғалиұлы Ермекқалиев 2025 жылы экология саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.Спикердің айтуынша, есепті кезеңде облыста қоршаған ортаның жағдайы тұрақты деп бағаланды. Экологиялық мәселелерді шешу бағытында бірқатар жүйелі шаралар жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 134 мыңнан астам тұрғын мен 5 мыңға жуық кәсіпорын қатысты. Нәтижесінде 28 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 168 мыңнан аса ағаш көшеті отырғызылды.

Сонымен қатар ғарыштық мониторинг нәтижесінде анықталған 183 заңсыз қоқыс орнының 85 пайызы жойылды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 27,8 пайызды құрады.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектептер мен оқу орындарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындармен кері байланыс орнату үшін «Taza Qazaqstan» Telegram чат-боты іске қосылды.

Экология саласындағы жұмыстар алдағы жылдары да жалғасын табады.

ӨКҚ – Ақпарат

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1163432?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді