Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамалық өзгерістер талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20 қаңтарда Астана қаласында Зияткерлік меншік құқығы комитетімен «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамалық өзгерістер» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылып, 2025 жылғы қарашада қабылданған авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді түсіндіру және талқылау үшін маңызды алаңға айналды.

Семинар барысында қатысушыларға авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға мемлекеттік бақылау енгізуге, ашықтықты арттыруға, құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін ретке келтіруге, сондай-ақ осы саланы цифрландыруға, оның ішінде Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу арқылы жүзеге асыруға бағытталған негізгі жаңашылдықтар жан-жақты түсіндірілді.

Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу және оның жұмыс істеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. БЦП туындыларды пайдалануды, шарттарды және сыйақыларды есептеуді бірыңғай жүйеде тіркеуге мүмкіндік беріп, авторлар мен пайдаланушылар үшін ашықтық пен қолайлылықты қамтамасыз етеді.

Семинарға онлайн форматта аумақтық әділет органдарының өкілдері, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Қатысушылар жаңа нормаларды іс жүзінде қолдану, Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу мерзімдері және басқа да мәселелер бойынша белсенді түрде сұрақтар қойды.

Талқылау барысында цифрландыру зияткерлік меншік саласындағы ашықтықты, айқындықты және тиімділікті арттыруға, сондай-ақ авторлар мен құқық иеленушілердің құқықтарын бұзу тәуекелдерін азайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттің зияткерлік меншікті қорғауды нығайтуға және Қазақстан Республикасында шығармашылық әрі кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылысын растайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kis/press/news/details/1163422?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді