Террористік қауіптердің алдын алу және қауіпсіздік шараларын күшейту мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған профилактикалық сабақ өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – аталған объектілердің қауіпсіздігін арттыру, терроризм актілерінің алдын алу және ықтимал қауіп-қатерлерге дайындық деңгейін күшейту.

Сабақ барысында террористік тұрғыдан осал объектілер ұғымы кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, кәсіпкерлік нысандар, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, көлік инфрақұрылымы объектілері, мәдениет ұйымдары, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық құрылыстар, туристерді орналастыру орындары, сондай-ақ өзге де қоғамдық құрылыстар (соның ішінде діни ғимараттар) қарастырылды.

Іс-шара аясында «Терроризмге қарсы іс-қимыл бағыты бойынша ықтимал қауіп-қатерлер тізбесі» тақырыбы қамтылып, қатысушыларға қауіптердің түрлері, олардың алдын алу шаралары және төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет алгоритмдері түсіндірілді.

Сабақ соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1163417?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді