
Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры сахнасында қазақ прозасының көрнекті өкілі Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Табалдырығыңа табын» шығармасы желісімен қойылған жаңа спектакльдің премьерасы өтті.
Қойылым жәй ғана жаңа қойылым емес, ұлттық жадты жаңғыртқан рухани оқиға. Қойылымда табалдырық қарапайым босаға ретінде емес, адамның шыққан төрі, өмір бастауы, ата-ана аманатының киелі шегі ретінде бейнеленеді. Кейіпкерлер тағдыры арқылы перзенттік парыз, туған жерге тағзым, кешірім мен кешу, ар мен ұят таразысы терең психологиялық иірімдерін ашады. Қойылымның қоюшы режиссері – Мәдениет саласының үздігі, актер Айдар Наурызбаев.
Айта кетейік, қойылым бүгін 19:00 де қайта сахналанады. Келіп, көріңіздер құрметті көрермендер!
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1163492?lang=kk

Жауап қалдыру