
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Төрағасының орынбасары Марат Ибраев Комитеттің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясының жаңа басшысын ресми түрде таныстырды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы қызметіне Илхам Бахтибаевич Аметов тағайындалды.
Илхам Аметов 1994 жылғы 9 мамырда туған. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар.
2012 жылы Қапланбек гуманитарлық-агроэкономикалық колледжін «Ветеринария-санитария» мамандығы бойынша тәмамдап, ветеринариялық фельдшер-инспектор біліктілігін алған.
2015 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша бітірген.
2018 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдап, екінші жоғары білім алған.
2024–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Бизнес және басқару» магистратура бағдарламасы бойынша білім алған.
«Ауылдық аумақтарды дамыту» тақырыбы бойынша Жапонияда халықаралық тағылымдамадан өткен, сондай-ақ Бельгиядағы Vrije Universiteit Brussel жанындағы Брюссель дипломатиялық академиясының дипломатия бағдарламасы бойынша оқыған.
2023 жылдың қорытындысы бойынша «Орталық мемлекеттік органның үздік әдеп жөніндегі уәкілі» республикалық конкурсында I орынды иеленген.
Еңбек жолын 2012 жылы ветеринария саласындағы жеке секторда бастаған.
2016–2021 жылдары Комитеттің ветеринариялық инспекция және тәуекелдерді талдау, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік және тасымалданатын объектілер бағыттарында сарапшы және бас сарапшы қызметтерін атқарған.
2021–2022 жылдары Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарып, бір мезгілде облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекциялардың әдеп жөніндегі уәкілі болған.
2022 жылы Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарған.
2022 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі қызметін атқарды.
Аталған тағайындау өңірдегі ветеринариялық бақылау жүйесін одан әрі нығайтуға және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vetcontrol/press/news/details/1163708?lang=kk

Жауап қалдыру