
“Жанұя” отбасыны қолдау орталығының мамандары Жолбарыс батыр ауылдық округіне арнайы іссапармен келіп, округтің мобильді топ мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, заңнамалық өзгерістер мен мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетілетін қызмет түрлері туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мамандар мобильді топ мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – ауыл тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және отбасы институтын қолдау бағытындағы өзара ынтымақтастықты арттыру болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/1164047?lang=kk

Жауап қалдыру