
Сайрам аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Құрманбеков ашып жүргізіп отырды отырысқа аудан әкімінің орынбасары С. Дүйсебаев, есеп беретін бөлім мен мекеме басшылары қатысты. Кездесу барысында қоғам үшін өзекті мәселелер қарастырылып, маңызды шешімдер қабылданды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
1. Сайрам ауданы Білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары бойынша есебі.
2. Сайрам ауданық ішкі істер басқармасының 2025 жылдың 9 айы көлемінде атқарған жұмыстары бойынша есебі.
3. Сайрам ауданы әкімдігінің «Сайрам ауданының елді мекендеріне салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу кэффициентін бекіту туралы» 2023 жылғы 27 қарашадағы №482 қаулысының күші жойылды деп тану туралы қаулы жобасын қарау.
4. ҚР- ның 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V «Қоғамдық кеңестер туралы», ҚР- ның 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес, аудандық мәслихатының «Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №20-169/VIII «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер ергізу туралы» шешім жобасына қорытынды беру.
Отырыстың қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, тиісті органдарға жолданатын болды. Сонымен қатар, кеңес мүшелері қоғамдық бастамаларды қолдау және халықпен өзара іс-қимылды күшейту бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-sairam/press/news/details/1164016?lang=kk

Жауап қалдыру