26.09.2025-ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
Манкент ауыл әкімшілік ғимаратында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Құрманбеков ашып жүргізіп отырды, отырысқа аудан әкімінің орынбасары Р.Мұздыбеков, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі және есеп беретін ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ТӨМЕНДЕГІШЕ:
1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары туралы.
2. Қарамұрт, Қайнарбұлақ және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің «2024-2025 жылдар аралығында көрсетілген қызметтердің сапасын арттыру туралы есебі.
3. Қарамұрт, Жібек жолы, Манкент ауыл округтерінің 2025 жылдың 8 айында әлеуметтік сала бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі
4. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін ұйымдардың тізбесін бекіту және қоғамдық жұмыстардың түрлерін айқындау туралы
Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан ауыл әкімдеріне тиісті сұрақтар қойылып олардың орындалып назарға алынатыны айтылды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-sairam/press/news/details/1164008?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді