
🔹ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызметтік сапар аясында Жезқазған қалалық мәслихаты мен қалалық Қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен өткен «Конституциялық реформа – ел дамуының жаңа кезеңі» тақырыбындағы маңызды отырысқа қатысты.
Аталған жиында конституциялық реформалардың қоғам өміріндегі маңызы, адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесу барысында қатысушылар елдегі саяси жаңғыру үдерістерінің мәні мен мазмұнына тоқталып, құқық үстемдігін нығайту бағытындағы бастамаларды саралады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1164080?lang=kk

Жауап қалдыру