Ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алғысы келетін тұрғындардың назарына

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өздеріңіз білетіндей, жануарлар мен адамдарға ортақ қауіпті, жұқпалы аурулар (сібір жарасы, бруцеллез, құтыру және т.б.) бар. Ауылшаруашылық жануарларын тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитарлық талаптарды сақтамау осы аурулардың таралуына және айтарлықтай экономикалық шығындарға әкелуі мүмкін.Салдарға жол бермеу үшін сатып алушы сатушыдан тасымалданатын ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті ветеринариялық ілеспе құжаттарын (ветеринариялық анықтама, ветеринариялық паспорт) талап етуге тиіс.

Тасымалданған жануарларды сатып алғаннан кейін Сізге тұрғылықты жері бойынша ветеринарлық ұйымға хабарлау қажет. Содан кейін жануарлар оқшауланып, карантинге қойылады.Карантиндеу кезінде ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы ауруларына диагностикалық зерттеулер жүргізіледі (ІҚМ бруцеллезге және туберкулезге, ұсақ малға және шошқаға бруцеллезге, жылқыға және сап ауруына, асыл тұқымды малдарға паратуберкулезге, трихомонозға, кампилобактериозға, бұқаларға хламидиозға, лептоспирозға, инфекциялық ринотрахеитке және вирустық диареяға қосымша зерттеледі)

Бұл талаптарға үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Тек ветеринарлық мамандармен бірлесіп жұмыс істеу жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардың таралуын болдырмауға көмектеседі. Өйткені, ауруды емдеуден гөрі алдын-алу оңай!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-veterinariya/press/news/details/1164322?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді