ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, сазгер Мұқаш Қосай Құбашұлының «Ана жүрегі» атты шығармашылық кеші өтті. Кеште автордың шығармалар жинағынан “Ана жүрегі” атты кітабының тұсауы кесілді. Оркестрдің сүйемелдеуімен Қосай Құбашұлының шығармалары орындалды. Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі мен Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармониясының әртістері және “Дарын” ер балалар хоры өнер көрсетті.
Жауап қалдыру