PRO-БЕЛСЕНДІЛІКТІ ДАМЫТАМЫЗ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

PRO-БЕЛСЕНДІЛІКТІ ДАМЫТАМЫЗ!

Облыстық «Мұғалім-PRO» жобасына қатысу – үздіксіз кәсіби дамудың, өз тәжірибесін терең пайымдаудың және өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби тұрғыда баюдың тиімді мүмкіндігі.
2026 жылғы 17 ақпанда Рудный қаласындағы №4 мектеп-лицейінде өткен кезекті шығармашылық кездесу жоба қатысушыларын тағы да бір алаңда тоғыстырды. «PRO-белсенді мұғалімнің даму траекториясы: зерттеу, жобалау, нәтиже» тақырыбы білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтері үшін мазмұнды талқылау, кәсіби ой елегінен өткізу және тәжірибелік тұрғыдан толысу кеңістігіне айналды.
Білім басқармасының Әдістемелік орталығы директорының орынбасары Набатникова Т.И. өз сөзінде педагогтердің Кәсіби стандарттарға сәйкес біліктілік талаптары мен еңбек функциялары деңгейлеріне сәйкестігін рефлексиялау – кәсіби өсудің маңызды тетігі екенін атап өтті.
Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жүсіпова Г.С. өткізген шеберлік сабағында жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары жан-жақты талқыланды.
Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы директорының орынбасары Ғаппаров Ж.А. ұйымдастырған «Мұғалім-PRO: ықпал ету нүктесі» атты психологиялық тренинг қатысушыларға серпін беріп, алдағы кәсіби қадамдарға мотивация сыйлады.
Мектеп-лицейдің ұйымшыл педагогикалық ұжымы зерттеу мен жобалау негізінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту тәжірибесін таныстырды. Білім беру ортасын зерттеу нәтижелерін мектеп директоры Кобалия И.В. ұсынды.
Шығармашылық кездесу барысында педагогтер жасанды интеллектіні қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты дамытудағы шығармашылық тәсілдерімен, сабақтағы цифрлық тәжірибелерімен, авторлық әдістемелік өнімдер әзірлеу ісімен және SCAFFOLD технологиясын кәсіби өсу құралы ретінде енгізу тәжірибесімен бөлісті. Сабақтар панорамасы оқу үдерісінің тиімділігін арттырудағы инновациялық мүмкіндіктерді айқын көрсетті.
Іс-шара қатысушылары мектеп-лицейдегі корпоративтік мәдениеттің жоғары деңгейін, шығармашылық ахуалды және ұжым бірлігін ерекше атап өтті. Әр педагог мектеп-лицей тәжірибесін өз қызметінде қолдануға арналған нақты ресурстармен қамтамасыз етілді.
Жобаға берілген жоғары баға ортақ әсермен түйінделді: «Зерттейміз. Жобалаймыз. Алға жылжимыз. Нәтижеге жетеміз».

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1164329?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді