
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі жанынан сараптамалық кеңестің отырысы өтті.
Отырыс барысында Алматы қаласы білім басқармасының «№ 2 арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-дегі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың өзекті мәселелері қаралды.
Отырысқа қатысушылар балаларды күтіп-бағу және тәрбиелеу шарттарын, олардың білім алу, медициналық көмекке, әлеуметтік қолдауға құқықтарын қамтамасыз етуді, сондай-ақ психологиялық сүйемелдеу және құқықтардың ықтимал бұзылуынан қорғау мәселелерін талқылады.
Талқылау қорытындысы бойынша балалардың мекемеде болу жағдайларын жақсартуға, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1164327?lang=kk

Жауап қалдыру