Зеренді ауылында тағы екі отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Зеренді ауылында тағы екі отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Ақмола облысы Зеренді ауылында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары жүйелі түрде жалғасуда. Жуырда жаңа пәтерлердің кілттері Шаймерденовтар және Мадиевтер отбасыларына табысталды.
Қоныс тойын тойлаған отбасылар үшін бұл – көптен күткен қуанышты сәт, өз шаңырағында жаңа өмір бастаудың маңызды кезеңі.
Ағымдағы жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен Зеренді ауылы, Ілиясов көшесі, 55 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйден жалпы сомасы 1 млрд. теңгеден асатын 62 пәтер сатып алынды. Тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтарға арналған.
Бүгінгі күні 39 отбасыға пәтер кілттері табысталды. Қалған пәтерлер заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіппен бөлінетін болады.
Ауыл тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – өңірдің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1164407?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді