КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Филармония залында әлемдік классикалық музыка өнерінің көрнекті өкілі, ұлы композитор Пётр Чайковскийдің шығармашылығына арналған классикалық музыка кеші жоғары деңгейде өтті. Концерт барысында композитордың вокалдық және фортепианолық шығармалары орындалып, Чайковский музыкасының лирикалық тереңдігі, сезім байлығы мен камералық нәзік болмысы көрерменге кеңінен таныстырылды. Бағдарламаға енген романстар мен опералық туындылар адам жанының күйін, махаббат пен тағдыр, үміт пен толғаныс тақырыптарын айқын бейнеледі. Кешке филармонияның талантты әрі тәжірибелі орындаушылары қатысып, тыңдарманға жоғары орындаушылық шеберліктерін көрсетті. Атап айтқанда, Мәди Айтасов, Алиса Құрмет, Артур Борисенко вокалдық шығармаларды орындаса, концертмейстерлер Елена Войтова мен Ольга Войтова фортепианолық сүйемелдеумен кештің көркемдік мазмұнын тереңдете түсті. Сондай-ақ, концертте «VIVO» фортепианолық дуэті өнер көрсетті. Бағдарлама Чайковскийдің әйгілі туындыларымен түйінделіп, классикалық музыканың асқақ рухы мен көркемдік қуатын айшықтаған мазмұнды кеш ретінде көрермен жадында қалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1164396?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді