Полиция еріктілермен бірге тұрғындарға интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысында полицейлер еріктілермер бірге тұрғындар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлері Бәйдібек ауданында бір нүктелік профилактикалық іс-шара өткізді. Шара полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Құрбаналиевтің жетекшілігімен ұйымдастырылып, жеке құрамға интернет-алаяқтықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жүргізілді.

Тәртіп сақшылары аталған шара барысында тұрғындарға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері мен олардың алдын алу жолдары туралы ақпарат берді. Полиция бөлімі ерікті жастармен бірлесіп, ауыл-аймақтарды аралап, азаматтарға ақпараттық жадынамалар таратты және сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара барысында әрбір тұрғын өз қауіпсіздігі үшін сақтық танытып, саналы шешім қабылдауға шақырылды. Мұндай кездесулер қоғамдағы сенімділікті арттырып, әр адамды өз құқықтарын қорғауға әрі бір-біріне көмек көрсетуге ынталандырады.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-oblysynda-politsiya-eriktilermen-birge-turghyndargha-internet-alayaqtyqtan-saqtanu-zholdaryn-tusindirdi/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1164451?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді