
2026 жылғы қаңтар айынан бастап Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Самар аудандарында пилоттық режимде «Шығыс шақырады» өңірлік қоныс аударуды қолдау жоспары іске асырылуда.
Бағдарламаның негізгі бағыттары:
1. «Оңтүстік – Шығыс маманы»
«Отбасы банк» қолдауымен жеңілдетілген ипотекалық кредит беру арқылы сұранысқа ие мамандарды тарту. Бастапқы жарна экономикалық ұтқырлық сертификаты есебінен қарастырылған.
Қатысушылар: қандастар, қоныс аударушылар және «Серпін» бағдарламасының қатысушылары.
Үміткерге қойылатын негізгі талаптар:
–соңғы 5 жыл ішінде өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Шығыс Қазақстан облысы аумағында меншігінде немесе жалға алынған (сатып алу құқығымен немесе онсыз) тұрғын үйінің болмауы (жалғыз апатты тұрғын үйді қоспағанда);
–мамандығы Ұлттық кәсіптер сыныптауышына сәйкес сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне сәйкес келуі;
-соңғы 6 айдағы отбасының жиынтық табысын растау;
-соңғы жұмыс орнында кемінде 3 ай еңбек өтілінің болуы;
-жобаға ерлі-зайыптылардың біреуінің ғана қатысуы.
2. «Құтты өңір»
Пилоттық аудандарда жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен екінші нарықтағы тұрғын үйлерді жөндеу және сату.
Тұрғын үйді сатып алу экономикалық ұтқырлық сертификатын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік келісімшарт мерзімі — 5 жыл.
Қатысушылар: Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қандастар мен қоныс аударушылар.
Барлық отбасы мүшелерінің, оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалардың пилоттық ауданның елді мекенінде (Самар, Марқакөл, Тарбағатай, Катонқарағай) тұрақты тіркеуі болуы тиіс.
Үміткерге қойылатын негізгі талаптар:
-соңғы 5 жыл ішінде өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Шығыс Қазақстан облысы аумағында меншігінде немесе жалға алынған (сатып алу құқығымен немесе онсыз) тұрғын үйінің болмауы (жалғыз апатты тұрғын үйді қоспағанда);
-жобаға ерлі-зайыптылардың біреуінің ғана қатысуы.
3. Кәсіпкерлікті қолдау
Өндіріс, туризм, жол бойы сервисі, қызмет көрсету және басқа да бағыттар бойынша бизнесті дамыту үшін 750 АЕК-ке дейін өңірлік гранттар беру.
Қатысу шарттары:
Өңірлік грант алуға арналған конкурсқа қатысу үшін үміткер мына талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Қатысушылар:
-қандастар, қоныс аударушылар.
-грант алғанға дейін жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелуі міндетті;
-ЖК ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі өтініш берген сәтте 5 жылдан аспауы тиіс, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсын аяқтағаны туралы сертификат болуы;
-жобаның экономикалық қызмет түріне сәйкес келетін мамандық бойынша білім туралы құжаты (оның ішінде skills.enbek.kz платформасы арқылы алынған);
-белгіленген нысан бойынша әзірленген бизнес-жоспардың (стартап-жобаның) болуы.
Өңірлік гранттар келесі мақсаттарға берілмейді:
тұтынушылық мақсаттарға, кредиттерді өтеуге, тұрғын үй және жылжымайтын мүлікті сатып алуға немесе салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге, ара шаруашылығына, жануарлар, мал, құс сатып алуға, көшеттер, бұталар, тұқымдар, көшет материалдарын алуға.
Грант алғаннан кейінгі міндеттемелер:
–3 ай ішінде қаражаттың нысаналы пайдаланылуын растау;
-36 ай бойы тоқсан сайын есептілік ұсыну;
-36 ай ішінде бизнесті кеңейту шараларын қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге шараларына қатыспау.
4. Облыс әкімінің білім гранттары
Жыл сайын пилоттық аудандардын жастарына жоғары оқу орындарында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқу үшін 20 грант (200 АЕК-ке дейін) бөлінеді. Міндетті шарт — оқу аяқталғаннан кейін пилоттық ауданда кемінде 3 жыл еңбек ету.
Қатысу шарттары:
пилоттық аудандардағы мектептің 11-сынып түлегі немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының (ТжКБ) түлегі;
орта немесе арнаулы орта білім туралы аттестатының болуы;
Ұлттық бірыңғай тестілеуден кемінде 50 балл жинау.
2023 жылғы 25 тамыздағы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а.
№ 443 бұйрығына сәйкес, гранттарды бөлу балдық жүйе бойынша жүзеге
асырылады.
Гранттар келесі білім беру салалары бойынша бөлінеді:
–педагогикалық ғылымдар;
-өнер және гуманитарлық ғылымдар;
-әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат;
-бизнес, басқару және құқық;
-жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика;
-ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
-инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
-ауыл шаруашылығы және биоресурстар;
-қызмет көрсету саласы.
Шектеулер:
Үміткер жоғары оқу орнын тамамдаған соң әлеуметтік қолдау көрсетуді көздейтін өзге мемлекеттік бағдарламалардың қатысушысы болмауы тиіс.
Өтініш беру тәртібі:
Өтініш тұрғылықты жері бойынша аудандық білім бөліміне өткізіледі.
Өтініш қабылдау мерзімі — 2026 жылғы 10–31 шілде аралығы және кейінгі жылдары да осы мерзімде жүзеге асырылады.
Өтінішке қоса ұсынылады:
-жеке басын куәландыратын құжат;
-орта немесе арнаулы орта білімі туралы аттестат;
-086-У нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама (грант беру туралы шешім қабылданғаннан кейін ұсынылады);
-қажет болған жағдайда құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармасы.
Грант иегерінің міндеттемелері:
Шығыс Қазақстан облысының жоғары оқу орнында білім алу;
үшжақты шарт жасасу (әкімдік – студент – жоғары оқу орны);
жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін пилоттық ауданда кемінде 3 жыл міндетті еңбек ету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-social/press/news/details/1164441?lang=kk

Жауап қалдыру