Спорттық-сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесіне» сәйкес спорттық-сауықтыру объектілері эпидемиялық мәні жоғары объектілерге жатады.

 

Қызметі басталар алдында спорттық-сауықтыру объектілері бар шаруашылық субъектілері эпидемиялық мәні жоғары объектінің Санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуы тиіс.

 

Спорттық-сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) белгіленген.

 

Спорттық-сауықтыру объектілері пәтерлердің тұрғын үй-жайларынан шудан және дыбыстан оқшаулау сақталған жағдайда тұрғын ғимараттардың цокольдық және жерасты қабаттарында орналастырылады.

 

Спорттық-сауықтыру объектілерінде өндіруші зауыттың нұсқаулығына сәйкес ауаны баптау жүйелеріндегі сүзгілерді ауыстыру уақтылы жүргізіледі. Жаттығу қаптары, тұлыптар, маттар және тасымалданатын спорттық мүкәммал сабақ басталғанға дейін күніне бір рет жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, дымқыл шүберекпен сүртіледі.

 

Жіті респираторлық аурулар және ауа-тамшы жолымен берілетін инфекциялар жағдайларын тіркеудің эпидемиялық маусымы кезеңінде спорттық-сауықтыру объектілерінде жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды (оның ішінде есік тұтқаларын, сүйеніштерді және тұтқаларды, креслолардың шынтақшаларын) ылғалды жинау жүргізіледі.

 

Спорт залдарының едендері саңылаусыз болады және сырғанамайды, тегіс және тайғанамайтын беті болады, сабақ басталғанда құрғақ және таза болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1164421?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді