Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жасөспірімдер қылмысы мен балалар суицидінің алдын алу бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы ақпанда облыстың қадағалау органында облыс прокурорының орынбасары Т. Сапаровтың төрағалығымен облыстың уәкілетті мемлекеттік органдары мен психологиялық қызметтерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізілді, онда жасөспірімдер қылмысы мен балалар суицидінің алдын алу мәселелері қаралды.  

Аталған іс-шара орын алған  проблемаларды талқылауға және оларды шешу жөніндегі іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмін әзірлеуге, сондай-ақ «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» 2025 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының жаңа Заңын қолдануға бағытталған.

Іс-шара барысында қатысушылар өзекті мәселелерді, оларды құқықтық шешу жолдарын, оның ішінде кадр тапшылығын, қызметкерлерді автокөлік құралдарымен және қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету мәселелері талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша барлық уәкілетті мемлекеттік органдарға жасөспірімдер қылмысы мен балалар суицидінің алдын алуға бағытталған шаралар кешенін қабылдау, оның ішінде осы бағыттағы жағдайды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылды. 

Қадағалау органы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.    

                                Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1164479?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді