Заңды өзгерту- уақыт талабына сай жаңару

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ғ.Мұратбаев атындағы гимназия ұжымымен Жалпыұлттық коалицияның аудандық мүшелері Б.Ақбаев, Қ.Үкібаева, А.Қалабаев, Ш.Қапарова, К.Амирова, Б.Абитаев, А.Урозалиева мазмұнды кездесу өткізді.

Кездесу барысында коалиция өкілдері Конституцияның ел дамуы мен қоғамдық тұрақтылықтағы айрықша рөлін атап өтіп, алдағы референдумның маңызы туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әсіресе, конституциялық өзгерістердің басты мақсаты – әділетті қоғам құру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайту екені кеңінен айтылды.

Жиын барысында педагогикалық ұжым өз пікірлерін білдіріп, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер ел болашағы үшін маңызды қадам екенін атап өтті. Ұстаздар қауымы референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға дайын екендерін жеткізді.

Осындай кездесулердің басты мақсаты – әр азаматқа конституциялық өзгерістердің мәнін түсіндіру, қоғамда бірлік пен жауапкершілікті арттыру. Өйткені елдің ертеңі – әрқайсымыздың саналы таңдауымызға тікелей байланысты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1164463?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді