
Цифрлық қызмет – халық игілігі үшін
Балпық ауылдық округінде тұрғындар арасында eGov электрондық үкімет порталының мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ онлайн алу жолдары таныстырылып, портал арқылы анықтамалар алу, өтініш беру, төлем жасау тәртібі түсіндірілді.
Мамандар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, eGov мобильді қосымшасын пайдалану бойынша практикалық кеңестер берді.
Цифрлық қызметтерді пайдалану – уақытты үнемдеуге және мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі ыңғайлы алуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1164507?lang=kk

Жауап қалдыру