Маңғыстау облысында қоғамдық көлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алыс бағыттарға қатынайтын қоғамдық көлік жүргізушілерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында аудандар мен елді мекендерге қатынайтын автобустардың жүргізушілеріне:

  • жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау;

  • белгіленген жылдамдық режимін бұзбау;

  • қауіпсіздік белдігін міндетті түрде тағу;

  • техникалық ақауы бар көлікпен жолға шықпау

керек екені жан-жақты түсіндірілді.

Полицейлер жол үстіндегі жауапкершіліктің маңызын атап өтіп, әрбір жүргізушінің өз өмірі мен жолаушылардың қауіпсіздігіне тікелей жауапты екенін ескертті. Сонымен қатар жолаушылармен де профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, сапар барысында жүргізушінің назарын бөлмеу, көлік ішінде тәртіп сақтау және қауіпсіздік талаптарын қатаң орындау қажеттігі түсіндірілді.

Бұл шаралар жол үстінде қауіпті жағдайлардың алдын алуға және жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Патрульдік полиция қызметкерлері мұндай профилактикалық іс-шаралар өңірде жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, жүргізушілер мен жолаушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға және жол қатысушыларының жауапкершілігін күшейтуге ықпал ететінін атап өтті.

Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1164535?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді